«Таңшолпан». Астанада пәтерді жалға берушілер мен риелторлардың дәурені жүріп тұр (ВИДЕО)
Астанада пәтерді жалға берушілер мен делдалдар «ЭКСПО» қарсаңында пәтердің ақысын қымбаттатып жіберді.
Пәтерді жалға беру туралы жарнама беретін сайттарда тәулігіне 15-20 мың шамасында жарнама жарияланады. Ал, «Astana Convention Bureau» ЖШС-нің мәліметі бойынша Астанада тәулігіне жалға берілетін пәтер саны 3000 ғана. Демек, пәтер ұсынушы және делдал қызметінде заңсыз әрекет кездесуі мүмкін.
Қазір пәтерді жалға берушілер мен риелторлардың дәурені жүріп тұр. Ұзақ мерзімге жалға беретін пәтерді босатқызып, оны тәулікке жалға беріп жатқандар да бар. Ал, хостел иелері бұрын бір орынды тәулігіне 3999 теңгеге жалға беретін болса, қазір оның құнын 6000 теңге етіп орнатқан. Кейбіреулері пәтерді арзан бағаға жалдап, қымбат бағаға жалға беріп жүр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жауынгерлер жерленген зират тазартылды
30.04.2026, 20:59
Жеңіс күніне орай жүгіруден марафон ұйымдастырылды
30.04.2026, 20:57
Түркияда Орта дәлізді дамыту туралы жиын өтті
30.04.2026, 20:55
Астанада 3000 оқушы бір мезетте «Ақ көгершін» әнін шырқады
30.04.2026, 20:53
E-Otinish платформасын күніне 30 мың адам пайдаланады
30.04.2026, 20:14
«Әділет» партиясы ресми цифрлық платформасын іске қосты
30.04.2026, 20:12
Асфальт-бетон зауыттары өндірісті ұлғайтты
30.04.2026, 20:09
Жыл соңына дейін Байқоңыр ауданындағы аулалар 100% жаңартылады
30.04.2026, 20:06