83 жыл бұрын (1934-2006) Қазақстаннның Халық жазушысы Сәкен Жүнісов дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

83 жыл бұрын (1934-2006) Қазақстаннның Халық жазушысы Сәкен Жүнісов дүниеге келді

01.02.2017
83 жыл бұрын (1934-2006) Қазақстаннның Халық жазушысы Сәкен Жүнісов дүниеге келді

1 ақпан, сәрсенбі, 2017 жыл

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2012) Астанада халық жазушысы Сәкен Жүніс тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

5 жыл бұрын (2012)  «Қазақ энциклопедиясы» баспасы  «Қаныш Сәтбаев» энциклопедиясын шығарды.

4 жыл бұрын (2013) қазақстандық жазушы Дидар Амантайдың «Қарқаралы» шыңдарында, «Гүлдер мен кітаптар» және басқа да бірнеше шығармасы Париж, Анкара, Ұлан-Батырда француз, түрік және монғол тілдерінде шықты.

229 жыл бұрын (1788) алғашқы американдық кеме патенттелді.

ЕСІМДЕР

101 жыл бұрын (1916-1998) ғалым, география ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері ЖАНДАЕВ Мұқатай дүниеге келді.

83 жыл бұрын (1934-2006) Қазақстаннның Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ЖҮНІСОВ Сәкен Нұрмақұлы дүниеге келді.

77 жыл бұрын (1940) жазушы СОМЖҮРЕКОВ Жұмаш дүниеге келді.

68 жыл бұрын (1949) кинорежиссер, анимациялық кино суретшісі, Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты ДӘНЕНОВ Жәкен Жұмағалиұлы дүниеге келді.

57 жыл бұрын (1960) «Экомед» емханасының негізін қалаушы және жетекшісі, «Хабар» агенттігіндегі «Бірінші байлық- денсаулық»  бағдарламасының жүргізушісі БАЙҚОШҚАРОВА Салтанат Берденқызы дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу