Бүгін - қазақ мультипликация өнерінің негізін қалаушы Әмен Қайдаровтың дүниеге келген күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - қазақ мультипликация өнерінің негізін қалаушы Әмен Қайдаровтың дүниеге келген күні

03.06.2016
Бүгін - қазақ мультипликация өнерінің негізін қалаушы Әмен Қайдаровтың дүниеге келген күні

2 жыл бұрын (2014) С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті базасында Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институының филиалы ашылды.

2 жыл бұрын (2014) Венгрияда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев мүсінінің салтанатты ашылуы өтті. Мүсін  Венгрия астанасы Будапешттің Астана көшесіне орнатылды.

2 жыл бұрын (2014) Қызылордада «Қайсар» жергілікті футбол клубының орталығы ашылды.

5 жыл бұрын (2011) Шымкентте алғаш рет туа біткен ерін ақауы бар балаларға арналған  оңалту орталығы ашылды.

6 жыл бұрын (2010) Қарағанды Мемлекеттік техникалық университеті (ҚарМТУ) бес мамандық бойынша халықаралық  аккредитациядан өтті. 

14 жыл бұрын (2002) Алматыда Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен шақырылған Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім шаралары жөніндегі кеңестің алғашқы басқосуы өтті. Оған 16 қатысушы елдің, сондай-ақ БҰҰ-ның, ЕҚЫҰ-ның, Араб мемлекеттері лигасының және 8 бақылаушы елдің өкілетті делегациялары қатысты.

17 жыл бұрын (1999) Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ішіндегі Кіші Ақсарайға қазақ халқының хандары мен билерінің мүрделері қайта жерленді.

17 жыл бұрын (1999) Халықаралық «Алматы инвестициялық саммиті» өз жұмысын бастады. Оған 22 елден 160 компанияның 300-ден астам басшылары мен өкілдері қатысты.

21 жыл бұрын (1995) ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың (1845-1904) 150 жылдығына арналған мәдени күндер басталды.

66 жыл бұрын (1950) заң ғылымдарының докторы, ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі Аманжол НҰРМАҒАМБЕТОВ дүниеге келді.

73 жыл бұрын (1943) жазушы Орынкүл ТӘЖИЕВА дүниеге келді.

78 жыл бұрын (1938) ҚР Білім және ғылым министрлігі Экономика институтының бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Көпжасар НӘРІБАЕВ дүниеге келді.

93 жыл бұрын (1923-2015) суретші және анимациялық кино режиссері, қазақ мультипликация өнерінің негізін қалаушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әмен ҚАЙДАРОВ дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу