13 ақпан - Дүниежүзілік радио күні

13.02.2017
13 ақпан - Дүниежүзілік радио күні

13 ақпан, дүйсенбі, 2017 жыл

Дүниежүзілік радио күні

2011 жылғы 3 қарашада ЮНЕСКО Бас конференциясының 36-шы отырысында бекітілген. Халықаралық күнді енгізуге Испания бастамашы болды. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. 1946 жылы БҰҰ өзінің радиоқызметін - БҰҰ радиосын іске қосты.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

102 жыл бұрын (1915) Семейде Еуропалық үлгідегі тұңғыш спектакль қойылды.

ЕСІМДЕР

81 жыл бұрын (1936-1991) жазушы, очеркші, КСРО Журналистер одағы сыйлығының лауреаты МУСИН Жанайдар Баймырзаұлы дүниеге келді.

80 жыл бұрын (1937-2000) - тележурналист, отандық тележурналистика саласының негізін алғашқы қалаушылардың бірі әрі осы саланың көрнекті теоретигі БАРМАНҚҰЛОВ Марат Кәрібайұлы дүниеге келді.

77 жыл бұрын (1940) әншi (лирикaлық бaритон), композитор, 1984 жылы Қaзaқстaн Республикaсының хaлық aртисi, Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ХАСАНҒАЛИЕВ Ескендір Өтегенұлы дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу