103 жыл бұрын (1914-1937) жазушы Саттар Ерубаев дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

103 жыл бұрын (1914-1937) жазушы Саттар Ерубаев дүниеге келді

30.01.2017
103 жыл бұрын (1914-1937) жазушы Саттар Ерубаев дүниеге келді

30 қаңтар, дүйсенбі, 2017 жыл

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

83 жыл бұрын (1934) Шымкент қорғасын зауыты іске қосылды. Ол ТМД елдеріндегі қорғасын шығаратын ірі зауыттардың бірі.

41 жыл бұрын (1976) Бозашы бөлігінің солтүстік еңісінде орналасқан Қаламқас мұнай-газ кеніші 1976 жылы ашылған.

25 жыл бұрын (1992) Алматы қалалық «Қазақ тілі» қоғамының қазақ тіліндегі «Астана» газеті жарық көрді.

ЕСІМДЕР

103 жыл бұрын (1914-1937) жазушы ЕРУБАЕВ Саттар дүниеге келді.

103 жыл бұрын (1914-1986) кинооператор, кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері  БЕРКОВИЧ Марк Исаакович дүниеге келді.

77 жыл бұрын (1940-2013) Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының әртісі ЖҮНІС Шәміл Сыздықұлы дүниеге келді.

72 жыл бұрын (1945-1990) қазақ ақыны ЖАҚЫПБАЕВ Жұматай Сағадиұлы дүниеге келді.

61 жыл бұрын (1956) тарих ғылымының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан Республикасының тарихы кафедрасының меңгерушісі АЛТАЕВ Асқар Шауқатұлы дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу