ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев педиатрия факультеттерін қайта ашуды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев педиатрия факультеттерін қайта ашуды тапсырды

08.11.2016
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев педиатрия факультеттерін қайта ашуды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев медициналық жоғары оқу орындарындағы педиатрия факультеттері мен балаларға арналған медициналық көмек қызметін қалпына келтіру бойынша шұғыл шараларды қабылдауды тапсырды. 

Премьер-Министр Үкімет отырысы барысында Қазақстанда педиатрияны қалпына келтіру бойынша бірқатар тапсырмалар берді

Ол балалар дәрігерлерінің қателіктері тым қымбатқа түсетінін, бұл тұста медициналық кадрларды, әсіресе, педиатрларды даярлау сапасына көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.

Бақытжан Сағынтаев Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсеноваға, Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевке медициналық жоғары оқу орындарындағы педиатрия факультеттерін қалпына келтіру және жаңа оқу жылынан бастап бірден мамандарды даярлауды бастауды тапсырды.

primeminister.kz

Хабарламаларға жазылу