ҚР Білім және ғылым министрлігі сайтында электронды оқулықтар жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Білім және ғылым министрлігі сайтында электронды оқулықтар жарияланды

26.10.2016
ҚР Білім және ғылым министрлігі  сайтында электронды оқулықтар жарияланды

ҚР БҒМ алғаш рет өзінің сайтына оқулықтардың электрондық нұсқасын орналастыруда. Онда ең алғаш болып бірінші сыныптарға арналған мазмұны жаңартылған оқулықтар салынды.

«Енді әр оқушы, ата-ана бұл электрондық білім беру ресурсына еркін кіре алады және оны өздеріне қолайлы кез келген уақытта пайдалана алады. Оқулықтардың электрондық нұсқасын қазақстандық баспалар берді. Олар биыл барлық бірінші сынып оқушылары үшін оқулық шығарды»,-делінген ҚР БҒМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мекеме атап өткендей, оқу құралын интерактивті берудің заманауи әдістері білім алуды кез келген жастағы оқушы үшін қызықты да тартымды ете түседі.

Хабарламада «Электрондық оқулықтарды пайдалану — қазақстандық білім беру жүйесінің жаңа технологиялық бағытына сәйкес келуімен қоса, оқушылардың бағдарламаға қызығушылығын арттырады»,-делінген.

egemen.kz

Хабарламаларға жазылу