«Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» бағдарламасының жаңа маусымында бір апта бойы Рио Олимпиадасында ел намысын қорғаған спортшылар қонаққа келеді.
Қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күнінде «Түнгі студияда» Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит қонақта болды.
Ал, бүгін бұрымды спортшыларымыздың бірі Жазира Жаппарқұл Олимпиада кезіндегі әсерімен, ендігі жоспарымен бөліспек.
Ток-шоудың ертеңгі қонағы - Олимпиада ойындарының тағы бір күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов.
Аталған бағдарламаның бейсенбілік шығарылымында әйелдер арасындағы күрестен Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған Гюзель Манюрова студияға келеді.
Дүйсенбі-бейсенбі аралығында 22:55-те «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» ток-шоуын өткізіп алмаңыз!