Назарбаев G20 саммитінде сөз сөйлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назарбаев G20 саммитінде сөз сөйлейді

04.09.2016
Назарбаев G20 саммитінде сөз сөйлейді

Бүгін Қазақстан Президенті Қытайға жұмыс сапары аясында G20 саммитінде  сөз сөйлейді.

Ханчжоуда «Үлкен жиырмалық» саммитінің тақырыптық журналының «Саммит қонақтары мен көшбасшыларының көзқарастары» бөлімінде Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық үрдістерге, шара тақырыбына пікірі келтірілген.

«Өткен жүзжылдықтың адамдары сияқты бейбітшілік үшін саналы түрде табандылықпен күресу қажет. Балаларымыз бен немерелеріміздің болашағына бей-жай қарамауымыз қажет. Өткен жүзжылдықтардың қайғылы қателіктерін қайталамас үшін барша әлем бойынша үкіметтердің, саясаткерлердің, ғалымдар, кәсіпкерлер, өнер адамдары, миллиондаған халықты біріктіріп, соғыс қаупі болмайтын бейбітшілік қалыптастыруымыз қажет», - деген Қазақ көшбасшысының идеясын келтіреді басылым.

Одан әрі Н.Назарбаевтың бейбітшілікті қамтамасыз ету бойынша іс-қимылдан бас тарту, күштерді шектеу жаһандық апатқа алып келуі мүмкін екенін айтқанына тоқталған. Қазақстан Президентінің келешек ұрпақ тағдырына  алаңдаушылығы  «Бейбітшілік. XXI ғасыр» манифестінде айтылған.

«Біз, мемлекеттер мен саясат көшбасшылары адамзат үшін орасан жауапкершілікті арқалап отырмыз», - деген Н.Назарбаевтың сөзімен түйіндеді журнал.

Еске салсақ, 1 қыркүйекте Н.Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайға G20 саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен келді.

4-5 қыркүйек өтетін саммитің тақырыбы - «Инновациялық, сау, өзара байланысты, инклюзивті әлемдік экономика қалыптастыру».

Саммит аясында ҚР Президентінің шетелдік делегациялармен, қытайлық бзнес өкілдерінің басшыларымен келіссөзі күтілуде.

проп

щжлщж

inform.kz

Хабарламаларға жазылу