Елбасы «G-20» саммитінде шетелдік делегация басшыларымен кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы «G-20» саммитінде шетелдік делегация басшыларымен кездесу өткізді

04.09.2016
Елбасы «G-20» саммитінде шетелдік делегация басшыларымен кездесу өткізді

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «G-20» саммиті аясында шетелдік делегация басшыларымен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы Аргентина Президенті Маурисио Макримен амандасып,  Бразилия Президентінің міндетін атқарушы Мишель Темермен және Ұлыбританияның Премьер-Министрі Тереза Мэймен танысып, азды-кем сұхбаттасты. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Германия канцлері Ангела Меркельмен, Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкермен және Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Туспен әңгімелесті.

Еске салсақ, 1 қыркүйекте Н. Назарбаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыртуымен G20 саммитіне қатысу үшін Қытайға келді.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу