G-20 саммитіне мысықтар да «қатысты» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

G-20 саммитіне мысықтар да «қатысты»

16.11.2015
G-20  саммитіне  мысықтар да «қатысты»
G-20  саммитіне  мысықтар да «қатысты»
Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан G-20 саммитінде қызық оқиға болды. Қауіпсіздік шараларының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына қарамастан президенттер жиналатын плафтормаға бірнеше мысық өтіп кеткен.

Бұл платформа Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның әріптестерін күтіп алып, ресми түрде сәлемдесетін орын еді. Сонымен бірге барлық мемлекет басшылары фотоға түсетін жер де осы. Сол орынға мысықтардың қайдан келгені белгісіз болып отыр. Бірқатар ақпарат құралдары оқиғаны қауіпсіздік қызметінің салғырттығының салдары ретінде бағалап жатыр. Дегенмен, «жолбарыстар жиналған саммитке мысықтардың да қатысқанына» езу тартқандар да көп.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу