«KADEX-2016» IV Халықаралық қару-жарақ көрмесі ашылды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KADEX-2016» IV Халықаралық қару-жарақ көрмесі ашылды (ФОТО)

02.06.2016
«KADEX-2016» IV Халықаралық қару-жарақ көрмесі ашылды (ФОТО)

Астанада IV халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүліктердің «KADEX-2016» көрмесі ашылды. Еліміздің қорғаныс саласындағы ең ауқымды және сұранысқа ие көрмеде Қазақстан өзінің қорғаныс өнеркәсібіндегі тың жетістіктерін паш етпек.

Биылғы төртінші әскери көрменің аумағы 90 000 шаршы метрді құрайды. Көрмеге шет мемлекеттердің қорғаныс ведомстволарынан 40 делегация, әскери техника шығаратын 350 компания қатысып отыр.

Баса айта кетерлігі, көрмеде алғаш рет Қазақстанда құрастырылған «Арлан» атты брондалған машина мен «Барыс» бронды транспортері көрсетіледі. Бұл ұрыс машиналары Қазақстан Қарулы Күштерінің қажеттілігін өтеу үшін отандық кәсіпорында шығарылған.

Көрмеге сондай-ақ, шетелдік серіктестер мен еншілес ұйымдардың шығарған әскери өнімдері, атап айтса, әртүрлі модификациядағы МИ-17 тікұшағы, Т-72A, T-72Б танктері қойылған.

Салыстырмалы түрде айтсақ, KADEX көрмесінің мәні мен мазмұны жыл сайын артып келеді. 2010 жылы көрмеге Қазақстан мен шетелдерден жүз елу алты кәсіпорын қатысса, 2012 жылы екі жүз елу үш, 2014 жылы үш жүз әскери өнім шығаратын кәсіпорын қатысқан.

Фото: ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу