Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өтемақы төлеуге қосымша келісімге қол қою мерзімін 1 шілдеге дейін ұзартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өтемақы төлеуге қосымша келісімге қол қою мерзімін 1 шілдеге дейін ұзартты

01.06.2016
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өтемақы төлеуге қосымша келісімге қол қою мерзімін 1 шілдеге дейін ұзартты

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өтемақы төлеуге қосымша келісімге қол қою мерзімін 1 шілдеге дейін ұзартты, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

2016 жылдың 31 мамырының операциялық күні аяқталғандағы жағдай бойынша, өтемақы төленуі тиіс 452 069 салымшының 160 765 салымшысы  қосымша келісімге қол қоймаған.  Осыған орай, директорлар кеңесінің шешімімен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін қосымша келісімге қол қою мерзімінің ұзартылғанын жариялайды

«Көбінде сомасы 1 млн теңгеден аспайтын депозиттер бойынша келісімдерге қол қойылмаған. Банкте мұндай 150 248 салым бар. Жинақ сомасы 1 млн теңгеден асатын 10 518 депозиттің иесі Банкке хабарласпаған», - деп хабарлайды Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметі.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің хабарлауынша, өтемақы бюджет қаражаты мен банктің табысы есебінен екі транш арқылы төленеді. Өтемақы көлемі 35,5 пайыз болады. 2016 жылы - 19,2%, 2017 жылы 16,3% өтемақы төленеді.

Қосымша келісімге қол қою үшін салымшылар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кез-келген жақын маңдағы бөлімшесіне хабарласа алады. Сондай-ақ, электронды-сандық қолтаңбаны пайдала отырып,  www.egov.kz порталында немесе банктің www.hcsbk.kz ресми сайтында, онлайн режимде қосымша келісімге қол қоюға болады.

Хабарламаларға жазылу