Ресейде 4,6 мыңнан астам үй су астында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде 4,6 мыңнан астам үй су астында қалды

20.04.2016
Ресейде 4,6 мыңнан астам үй су астында қалды

Бұл туралы РФ ТЖ министрі Владимир Пучков Ресей президенті Владимир Путинге айтты, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.

«Қазіргі уақытта Ресейдің 18 субъектісіндегі 119 елді мекенді су басқан. Соның салдарынан 4,6 мыңнан астам үй су астында қалып отыр. Бұл аумақта 12 мың адам тұрады», - дейді РФ ТЖ министрі Владимир Пучков тасқын салдарын жою жөнінде өткен видеоконференцияда.

Владимир Пучков бүгінде Вологда облысында тасқынмен күресіп жатыр.

Министрдің пікірінше, ең ауыр жағдай Сібірде, Уралда және Поволжьеде сақталып отыр. «Жергілікті елді мекендерде тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл аумақтағы жағдайды қырағы бақылауда ұстап отырмыз. Тасқыннан зардап шеккен адамдар уақытша орындарға көшіріліп жатыр», - дейді министр.

Сонымен қатар, басшы су астында қалған басқа өңірлерде де адамдарға тиісті көмек көрсетіліп жатқанын баса айтты.bnews.kz

Хабарламаларға жазылу