Алматыдағы Ұлттық орталық музейде «Алтын Орда» экспозициялық залы ашылды. XIII–XIV ғасырлардағы Алтын Орданың қазақ мемлекеттілігінің бастауы екенін дәлелдейтін көрме.
Көрмеде музей қорынан алынған 200-ге жуық жәдігер қойылды. Тұрмыстық бұйымдар, зергерлік әшекейлер, қару-жарақ элементтері, Алматы облысы Шеңгелді ауылы маңынан табылған Шағатай әулеті ақсүйектерінің салтанатты киіміндегі жібек маталардың қиындысы тұр. Алтын Орданың басқару жүйесі, билеушілер генеалогиясы және Қазақ хандығымен тарихи байланысы баяндалған. «Көру керек!» дейтін көрме.