Жылу ақысы қымбаттады ма?
Бейсенбіде Балқаш қаласында тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып құлады.
Бұл бөлігі «апатты» деп танылған, ешкім тұрмайды екен. Зардап шеккендер жоқ.
Балқаш қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі: «Пәтерлер тұруға жарамсыз деп танылғандықтан, 5-ші кіреберістің тұрғындары алдын ала көшірілді және заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қойылды», – деген ақпар берді. «Опырылған кіреберісті бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, содан кейін қалған 4 кіреберіске қосымша техникалық тексеру және құрылыс сараптамасы жүргізіледі», – депті.
Бірақ «Болашақта қалған кіреберістердің конструкцияларын нығайту жұмыстарын белгіленген тәртіппен жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді» деп жалғастырады. Демек, үй тұтас апатты емес дегендері. Бірақ ондай байламды сараптама жүргізбей және сапалы жүргізбей жасауға болмайды.
Тақырыппен сабақтас мынадай мәселе бар. Қаңтар айы үшін коммуналдық қызмет, дәлірегі – жылу бағасының ақысы қымбат болып келді. Неге? Баға көтерілетіні туралы ақпар болған жоқ. Бұл – бір.
Екіншіден, жылу пәтердің шаршы метріне алынады. Онда неге шаршы метрі азырақ пәтерге көлемі үлкенірек пәтерден көп ақы шығады?
Басты сауал – үкіметтің тарифтерді өсіру арқылы монополистерді несие рәсімдеп, инженерлік қондырғыларды, құбырларды жөндеуге итермелеу әрекеті не болып жатыр? Нәтиже бар ма?
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы