Экология мәселесі: Заң жаңарғанымен ауа тазара ма?
Жаңа Конституция жобасының 37-бабына тоқталу керек деп шештік. Бұл шын мәнінде өте маңызды бап.
37-бапта не жазылған?
1. Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғи байлыққа ұқыпты қарауға міндетті.
-
2. Мемлекет адамның өмiр сүруiне және денсаулығына қолайлы болатын қоршаған ортаны қорғауды мақсат етеді.
-
3. Адам өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға қатер төндiретiн фактілерді, мән-жайларды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауаптылыққа алып келеді.
Табиғатқа, қоршаған ортаға көздің қарашығындай қарау – міндет, парыз, борыш. Ал бүгін біз ауасы ластанған қалаларға тоқталамыз. Елімізде бірнеше қаласында тыныс алу қиын екенін білеміз.
Жарқын мысал – Өскемен. «Қазгидромет» қаңтардың қорытындысын шығарған. Айдың жартысы «қолайсыз метеорологиялық шарттар» деп айдар тағатын күндерден тұрған. Атмосферадағы күкіртті сутегі мен хлорсутегі мөлшері «қалып» дейтін шамадан жоғары болып, мектеп оқушыларының қайта-қайта қашықтан оқуға жіберілгені жайлы ақпаратты жиі-жиі оқимыз.
Жалпы елімізде 11 қаланың ауасы лас. Алматы, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе... Атқарушы билікке қарайтын экология басқармалары ауаны ластайтын негізінен автокөліктер, жекеменшік секторлар мен бизнес нысандары дейді... Өндіріс ошақтары ше?
Иә, ешкім оларды жауып таста демейді. Қаншама адам күн көріп отыр, адамдардың «жеп отырған наны». Және салық. Бірақ өкпені де «ыстай» береміз бе?
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы