Қазақ радиосы ұйымдастырған «Наурыз тілек» байқауының ІІ орын жүлдегері Аманбай Баймышевқа ұялы телефон табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ радиосы ұйымдастырған «Наурыз тілек» байқауының ІІ орын жүлдегері Аманбай Баймышевқа ұялы телефон табысталды

25.03.2016
Қазақ радиосы ұйымдастырған «Наурыз тілек» байқауының ІІ орын жүлдегері Аманбай Баймышевқа ұялы телефон табысталды

Қазақ радиосы ұйымдастырған «Наурыз тілек» байқауының ІІ орын жүлдегері Аманбай Баймышевқа ұялы телефон табысталды.

Күллі Алаш жұртын Қазақ радиосы арқылы Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі ақ тілегін жолдаған Аманбай Баймышев - Қарағанды облысының Қаражал қаласының тұрғыны.

Айта кетейік, байқаудың бас жүлдесіне Аягөз қаласының тұрғыны Тілеухан Биболатов иеленсе, Астана қаласының тұрғыны Дулат Сейдахмет  ІІІ орын иегері атанды.

 

Аманбай Баймышевтің «Наурыз тілек» байқауына жолдаған тілегі:

 

Наурыз айы келгенде

Жылжып сулар ағады,

Қуалап сай мен саланы.

Бетті аялап желпиді

Жылы шуақ самалы.

Қырларда сағым көлбейді,

Береке нұры кернейді.

Осындай сәтте адамдар

Жақсы тілек арнамай,

Қалайша қалыс қалады?

Осы күні жайылған

Жиналмасын дастархан,

Үзілмесін қонағы.

Осы күні туған

Тұсаулары кесілген,

Сәбилердің өмірде

Құтты болсын қадамы!

Наурыз тойға арналсын

Ақындардың өлеңі.

Сазгерлердің әуені,

Әншілердің мақамы.

Осы айда тігілген

Іші толсын қызыққа

Жұбайлардың отауы.

Қазақтың саны көбейіп,

Шат-тұрмысқа кенеліп,

Алысқа жетсін атағы.

Егеменді ел болып

Тәуелсіздік алғалы,

Ширек ғасыр болады.

Осы күнді жыр етсін

Ақындардың қаламы,

Домбыраның шанағы.

Әр жүректе жағылсын

Жалын атып сөнбейтін

Тәуелсіздік алауы.

Осы күнге арналсын,

Барлық ынта-пейілі,

Әрбір жастың талабы.

Тәуелсіздік ұғымы

Елжіретіп жүректі,

Тербеп жатсын сананы.

Мызғымасын мәңгілік

Халықтардың бірлігі.

Жат пиғылды дұшпанның

Әрекеті аластап

Былғамасын ауаны.

«Нұрлы жолдың» кеңейіп,

Әлемді шарлап торабы

 Күретамыр секілді

Жалғап жатсын араны.

Айқара ашып жүректі

Мен тілеймін халқыма,

Ең бір ізгі тілекті,

Көңілімнің сол қалауы.

Ұлы дала елінде,

Туып-өскен жерімде,

Жасай берсін мәңгілік

Тәуелсіздік заманы!

Хабарламаларға жазылу