Ұлттық арна эфирінде «Наурыз жұлдызы» байқауының жеңімпаздары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна эфирінде «Наурыз жұлдызы» байқауының жеңімпаздары

22.03.2016
Ұлттық арна эфирінде «Наурыз жұлдызы» байқауының жеңімпаздары

«Таңшолпан» бағдарламасында  «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы ұйымдастырған «Наурыз жұлдызы» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқаудың бас жүлде иегерлеріне  ақшалай сыйақы тағайындалды.  

«Наурыз жұлдызы» байқауына 100-ге жуық күй жұмыстары келіп түскен. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Шабыт» домбырашылар ансамблі жеңімпаз атанды.

«Шабыт» домбырашылар ансамблі 2014 жылы құрылған. Ансамбль  бұған дейінде мемлекеттік деңгейдегі концерттерге қатысып,  Түркияның Анкара, Стамбул елдерінде  өнер көрсетті.  Ансамбльдің алдағы жоспары Австрия,  Словения, Сербия  елдеріне барып  ұлттық өнерімізді ұлықтау.

Ал,  «Наурыз жұлдызы» байқауының 2 орын жүлдегері Алматы қаласы, А.Жұбанов мектебінің оқушысы Назерке Сұлтанғали атанса, үшінші орын жеңімпазы Жаңаөзен қаласының тұрғыны Марат Нұретдинов.

Хабарламаларға жазылу