22 наурызда «Наурыз жұлдызы» және «Наурыз тілек» байқауларының жеңімпаздары «Таңшолпанда» қонақта болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

22 наурызда «Наурыз жұлдызы» және «Наурыз тілек» байқауларының жеңімпаздары «Таңшолпанда» қонақта болады

18.03.2016
22 наурызда «Наурыз жұлдызы» және «Наурыз тілек» байқауларының жеңімпаздары «Таңшолпанда» қонақта болады

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен Қазақ радиосы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай  еліміз бойынша үздік күй орындаушыларын анықтау мақсатында «Наурыз жұлдызы» және «Наурыз тілек» байқауын жариялаған еді.

1-20 наурыз аралығында өтіп жатқан «Наурыз жұлдызы» байқауының мақсаты – күй орындау өнері бойынша еліміздің түкпір-түкпіріндегі дарынды жастарды анықтап, олардың шығармашылық қасиеттерін шыңдау.

Наурызды тойлау дәстүріне сәйкес осы күні қалың көпшілік бір-біріне ізгі тілектерін айтып, Жаңа жылдың жақсылыққа толы болуын тілейді. «Наурыз тілек» байқауы барысында ел аузында жүрген жүзден астам небір бата-тілектер келіп түсті.

Айта кету керек, байқау жеңімпаздары 22 наурызда «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасында тікелей эфирде марапатталып, оларға сый-құрмет көрсетіледі.

 

Хабарламаларға жазылу