«Шалқар» радиосы Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығына орай Түркияда өткен шарадан тарихшылар пікірін ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шалқар» радиосы Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығына орай Түркияда өткен шарадан тарихшылар пікірін ұсынады

06.03.2016
 «Шалқар» радиосы Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығына орай Түркияда өткен шарадан тарихшылар пікірін ұсынады

Биыл - көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, публицист Ә.Бөкейхановтың туғанына - 150 жыл. Осыған орай, Түркияның Гази университетінің бас ғимаратында «Алаштың Әлиханы және Түркі зиялылары» тақырыбында конференция өтті.

«Шалқар» ұлттық радиосы жиынға қатысып қайтқан қазақ тарихшыларының пікірін ұсынады.

Терең білім, ұлт тарихына құрмет, қазақ халқының азаттығы мен құқығы үшін күрес - бұл Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейхановтың кісілік келбетінің тек бір қыры ғана.

Ол қазақты руға да, жүзге де жіктеген жоқ. Әлеуметтік мәртебесіне, біліміне қарай да бөле жармады. Қазақты біртұтас халық ретінде көргісі келді. Осы орайда ол ұсынған Алаш атауы ұлтты ұйыстыруға қызмет етті. Нәтижесінде Алаш қозғалысы ұлтымыздың мәдени-рухани даму жолын жаңа арнаға бұрған, дербес ұлт ретінде өмір сүруге болатындығына халықты сендіре білген еліміздің тарих беттеріндегі ең айрықша құбылыс болды.

Әлихан Бөкейханов мерейтойының бастамасы ретіндегі тағылымы мол рухани шараның тағы бір өзекті тұсын конференцияға қатысқан тарихшы Бейбіт Қойшыбаев әңгімелеп берді.

«Ұлт көсемі мерейтойының Түркия жерінде аталып өтуі - айтулы оқиға. Осы шараға атсалысып жатқаныма қуаныштымын. Әлихан ақталғаннан кейінгі ол кісінің өмір жолы туралы алғашқы мақаланы мен жазып едім. Сол еңбектерден төрт томдық кітап шығармақпыз. Алғашқы томын осы шараға әкеліп отырмын. Бұл - бүкіл қазаққа ортақ той», дейді ғалым.

Хабарламаларға жазылу