Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен оның құрылымдық бөлімшелері келісімшарт бойынша қызметке қабылдаудың басталғанын хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша қызметке 19 жастан бастап ер азаматтар орналаса алады. Әскери қызметке қабылдау осы жылдың соңына дейін жалғасады.
Комиссияның оң шешімін алу үшін үміткердің әскери лауазымға сәйкес келетін әскери-есепке алу мамандығы болуы, мерзімді әскери қызметті өткеруі, әскери кафедрада оқудан немесе ҚР Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында дайындықтан өтуі қажет. Әскери қызметшінің денсаулық жағдайы мен оның психологиялық дайындығы маңызды.
Келісімшарт бойынша әскери қызметші әскери лауазымға орналаса отырып, еңбек өтілі мен лауазымдық жағдайына сәйкес кәсіби тұрғыда өсуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдауға ие болады.
Әскери қызметші мен оның отбасы мүшелері баспанамен қамтамасыз етілуге немесе тұрғын үйді жалға алғаны үшін ақшалай өтемақы алуға құқылы. Сонымен қатар, тегін медициналық қызмет көрсету қарастырылған.
Баспанамен қамту және медициналық қызмет көрсетуден басқа келісімшарт бойынша әскери қызметші және отбасы мүшелері қоныс аударған кезде әуе, теміржол, су және автомобиль көлігі қызметтерін ақысыз негізде пайдаланады.
www.mod.gov.kz
ФОТО: zhambylnews.kz