Бүгін – Сәбит Оразбаевтың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Сәбит Оразбаевтың туған күні

29.01.2016
Бүгін – Сәбит Оразбаевтың туған күні

Бүгін қазақ театрының ақсақалы, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сәбит Оразбаев 80 жасқа толып отыр. Ол  «Адамгершілік қасиеттер, адами құндылықтар туралы қысылмай сөз айту үшін сүрген өмірің де соған лайықты болуы керек»,-деген ұстаныммен жүретін жан.

80-дегі Сүйеу қартты 30 жасында, Бұқар жырауды 40 жастың шамасында ойнаған актер қартты сомдауда актерлік шеберліктен басқа, қандай қасиет керегі жөніндегі ойымен бөлісті.  

«Бұлардың бәрі ойдан шығарылған жоқ, тарихи тұлғалар. Сол себепті, оларды бір-біріне ұқсатпау негізгі мақсат болды. Сүйеу қарт сынды қариялардың арқасында қазақ абыройы жоғалмады,  солардың арқасында ел болдық. Сүйеу мені есейтті. Өз бетімше тірлік жасауыма, ізденуіме септігін тигізді. Сүйеуді шығара алмасам, түкке жарамайтын адамдай сезіндім».

«Әбілқайырды сомдағанда біраз тарихқа қанықтым. Ол кезде бізге танысуға болмайтын құжаттармен таныстым. Бұқар жырауды ойнағанда да ізденіс көп болды. Себебі, бізге «Сіздердің тарихыңыз Бұқар жыраудан ғана басталады»,-деп келді ғой. Тіпті, одан арғы тарихты жойып жіберу үшін бізге көзқарасы дұрыс емес ғалымдар 10 том кітап шығарған», -дейді актер.

 Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу