Салат дайындау барысында қызанақ пен қиярды араластырмаудың 4 негізгі себебі:
1.Қызанақ пен қияр көкөністерін араластырар болса ағзада тұз түзеліп, тұнба қалыптасады. Ол ағзаға түскенде қорытылмай қалады.
2.Қияр көкөнісінің құрамында аскорбин қышқылын ыдырататын аскорбиназ ферменті бар. Ал қызанақта С дәрумені өте көп. Егер қияр мен қызанақ араласар болса адам ағзасына қызанақтағы С дәрумені жеткілікті деңгейде түспейді.
3.Қызанақ пен қияр араласуы ішек жолдарында газ түзеді. Екі көкеністің ағзаға сіңу процесі де екі түрлі. Асқазан ас қорыту үшін арнайы сөл бөледі. Сөл бөлінген кезде екі көкөністің тек біреуі ғана қорытылып, екіншісі қорытылмай қалады.
4.Екі көкеністің араласуы бауырға зиянын келтіреді. Себебі, ол бауыр жұмысын бәсеңдетеді. Уақыт өте келе бауыр жұмысы қалыпты болмауы мүмкін.