Қайрат Нұртас, Төреғали Төрәлі – «Қазақ қыздары» (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Нұртас, Төреғали Төрәлі – «Қазақ қыздары» (ВИДЕО)

03.01.2016
Қайрат Нұртас, Төреғали Төрәлі – «Қазақ қыздары» (ВИДЕО)

Қазақ қызы – намысым, сыңғырлаған сезімдей.

Айша бибі, Домалақ аналардың көзіндей.

Баян сұлу, қыз Жібек, Еңліктердің өзіндей.

Намысыңды ерлерім қорғаса екен көз ілмей.

 

Мәншүгім мен Әлиям жаудың бетін қайтарған,

Ләззатым мен Сабирам гүлім еді жайқалған.

Фаризам мен Марфуғам елдің сөзін айта алған,

Қазақ қызы ешкімнен кем түспейтін майталман.

 

Күләшім мен Майрам бар, осыдан біл анам кім?!

Бибігүл мен Роза апам – шоқ жұлдызы ғаламның.

Мәдина апам – жезтаңдай, ақбаяны даламның,

Қыздарым бар осындай, кім қазаққа тағар мін?!

 

Қасым туған батыр болып, ар сатуға хақың жоқ,

Аналарды кешегі аңсатуға хақың жоқ.

Қабырғасын халқымның қаусатуға хақың жоқ,

Қазақ қызы, жаныма  сенен артық жақын жоқ.

 

Әдебиетте Айман мен Шолпан қыздай жүректім,

Күй ойнаса, Дина апам қылын шерткен жүректің.

Бүгін Мақпал апамдай сахнаға гүл еккін,

Қазақ қызы, сендерге ең тәттісі тілектің.

 

Бір қыз маған жар болып, көңілімді байытсын,

Дархан дала мен болсам, Ертіс, Еділ, Жайықсың.

Болсам егер ескегің, көлде жүзген қайықсың,

Қазақ қызы, қазақтың жігітіне лайықсың! 

Хабарламаларға жазылу