Басты Жаңалықтар Сэмюэл Л. Джексон «Үш Икс» фильмінің үшінші бөлімінде ойнайды

Сэмюэл Л. Джексон «Үш Икс» фильмінің үшінші бөлімінде ойнайды

Сэмюэл Л. Джексон «Үш Икс» фильмінің үшінші бөлімінде ойнайды

Голливуд жұлдызы Сэмюэл Л. Джексон «Үш Икс: Ксандер Кейдждің оралуы» фильмінің актерлік құрамына қосылды. Ол ақпаратты картинаның продюсері Вин Дизель растады. Айта кетейік, Вин Дизель бұл фильмде басты рөлді сомдайды.

Ал, туындының қоюшы режиссері - Ди Джей Карузо.

«Үш Икс» фильмінің бірінші бөлімі 2002 жылы түсірілген. Екі жылдан кейін «Үш Икс 2: Жаңа деңгей» картинасы жарық көрді. Сэмюэл Л. Джексон бұл екі киножобаға да қатысқан болатын.

Фильмнің үшінші бөлімі нақты қашан шығатыны әзірге белгісіз. 

Бөлісу