Ерболат Қарабдал: Қыш құмыра жасау өнері – атамұра - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерболат Қарабдал: Қыш құмыра жасау өнері – атамұра

18.12.2015
Ерболат Қарабдал: Қыш құмыра жасау өнері – атамұра

«Қыш құмыра жасау өнері – атамұра. Қанмен берілетін өнер. Әкем 45 мемлекеттің әйгілі академигі. Ол кісінің маңдай тері, еңбегінің арқасында осы өнер бізге жетті. Мен де, қарындасым Гүлназ да, Шымкенттегі інім де құмыра жасаумен айналысады. Әулетімізбен құрашылық өнерін жалғастырып отырмыз»,-дейді Ерболат Қарабдал.

«Оңтүстік Қазақстанмен ғана шектеліп қалмай, Астанаға да неге көрсетпеске деген ой келді. Себебі, Астанаға көптеген мемлекеттерден қонақтар келеді. Неге соларға қазақтың төл өнерін насихаттамасқа? Осындай ниетпен  біз бүгінде бұл өнерді Елордаға алып келдік».

«Бұл өнерді көзімізді ашқалы көріп келеміз. Ойнап жүріп үйреніп алдық. Әкеміз «Тәуелсіздігімізді алдық, енді ұлттығымыз әрбір іс-әрекетімізден білінеді. Қазақтың мұндай өнерін қазаққа қалай жеткіземін», деп зерттеумен жүрді. Қазір құмыра жасауға балалармен қатар, үлкен ата-әжелеріміз де келіп жатады»,-дейді Гүлназ Кендебайқызы.

Бір айта кететін жайт, қыш шеберлері қолданатын қолшарықтың жаңа түрінің тұсауы алғаш рет «Таңшолпанда» кесілді. Қазақстанда жасалған өнімнің басқа баламасы жоқ.

Гүлназ Кендебайқызының студияда құмыра жасау өнерін «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу