Сырдарияның сол жағалауынан 30-дан астам әлеуметтік нысан салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сырдарияның сол жағалауынан 30-дан астам әлеуметтік нысан салынады

15.12.2015
Сырдарияның сол жағалауынан 30-дан астам әлеуметтік нысан салынады

Қызылорда облысының әкімдігінен мәлімдегендей, аумағы 1532 гектарды құрайтын сол жағалау ауданында 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй бой көтереді, оның 1 миллионы 2025 жылға дейін салынбақ.

Демалыс аймақтарына 367 га бөлінеді, бұл барлық аумақтың 23 пайызын құрамақ. 190 гектары – сауда және кеңсе ғимараттарына, 270 га әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына беріледі. Жобада барлығы 16 жаңа мектеп, 12 балабақша, 4 денсаулық сақтау мекемесі, сондай-ақ бірнеше спорт және мәдениет нысандары жоспарланған, деп хабарлайды Қызылорда облысының әкімдігі.

Облыстық сәулет, құрылыс және қала құрылысы басқармасының мәліметтерінше, 2013-2014 жылдары Қызылорданы кеңейту мақсатында Сырдарияның сол жағалауын толық жоспарлау жобасы әзірленген болатын. Былтыр Мұратбаев көшесінде шаһардың ескі бөлігін жаңа ауданмен байланыстыратын көпірдің құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары 2016 жылы аяқталады деп күтілуде.

 

Хабарламаларға жазылу