Ресейдің Астрахань облысында қазақ тілінде газет шығып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Астрахань облысында қазақ тілінде газет шығып жатыр

11.12.2015
Ресейдің Астрахань облысында қазақ тілінде газет шығып жатыр

Осыдан 25 жыл бұрын жұмысын бастаған басылым шетелдегі қандастарымызды Қазақстанның жетістіктері жөніндегі жаңалықтарды жеткізіп отырады. Газетте Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, жыл басынан бері қазақ хандары туралы мақалалар жазылып келеді. Ал, осы желтоқсан айындағы басылымын газет ұжымы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арнамақшы.

«Ақ арна» басылымы айына екі рет 1 мың данамен шығады.  Ресейдің Астрахань облысында тұратын 150 мыңдай қазақтар арасында ол зор сұранысқа ие.

«Елден жырақта отырған соң осындағы қазақтарға елде болып жатқан жаңалықтарды жеткізіп, ондағы мәдени, рухани жетістіктерді жеткізіп отырамыз. Бұл біз үшін мақтаныш. Өйткені, Қазақстан уақыт өткен сайын, көркейіп, дамып әлемдік кеңістікте өзінің орнын айқындап отыр»,-дейді «Ақ арна» газетінің бас редакторы Әміржан Істілеев.  

 

 

Хабарламаларға жазылу