Бүгін - «Жаңа қоныс» телехикаясының соңғы бөлімі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - «Жаңа қоныс» телехикаясының соңғы бөлімі

28.11.2015
Бүгін - «Жаңа қоныс» телехикаясының соңғы бөлімі

Ұлттық арна эфирінен әр сенбі сайын көрсетіліп жатқан «Жаңа қоныс» телехикаясының бүгін соңғы бөлімі. Телехикаяның негізгі сюжеттік желісі үлкен қалада пәтер жалдайтын отбасының бастан кешкен қызықты оқиғаларымен басталған еді.

Туынды сюжеті бойынша, Мырзахановтар отбасы қаражаттары жеке пәтер сатып алуға жетпегендіктен, уақытша пәтер жалдап тұруға шешім қабылдайды. Телехикая барысында Мырзахановтар түрлі қаржылық қиындықтарға тап болып, пәтерді жалға алу ұзаққа созылса, өз пәтерін сатып алу туралы асқақ арман жыл сайын алыстай түседі. Нәтижесінде, қалада олар тұрмаған аудан қалмайды.

Ал,  туған ауылға қайта көшіп, шаруашылықпен айналысуға намыстары жібермейді.  12 бөлімнен тұратын туындының 11-12-бөлімдерін бүгін 14:35-те тамашалай аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу