Астаналық оқушылар құстарға ұя жасады
Астаналық оқушылар табиғатқа қамқорлық танытып, ерекше экологиялық бастама көтерді. Олар өз қолдарымен 36 құс ұясын жасап шығарды. Бұл жоба арқылы балалар тек шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті де терең сезінуге мүмкіндік алды. Аталған шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында ұйымдастырылды. Балалар құстарды тамақтандыру тақтайшаларын да жасады. Арнайы экологиялық шеберлік сабақтары өтті. Сонымен қатар балалар шығармашылық байқауларға қатысып, экскурсия арқылы құстардың тіршілігімен танысты.
Гүлжан Бапанова, мектеп директоры:
Осы жоба арқылы біз оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, сонымен қатар табиғат алдындағы жауапкершілігін арттыруды мақсат етіп отырмыз. Бұл іс-шара тек қана біреу емес, жыл көлемінде 2026 жылы 36 мектептен 36 іс-шара жоспарланған болатын. Осы іс-шараның бастамасы болып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан делегациясы Халықаралық ғарыш саммитіне қатысып жатыр
12.09.2026, 10:08
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19
Бір түнде 3 адамға трансплантация жасалды
11.09.2026, 20:19