Петропавлда «Эко IQ: Таза Қазақстан» интеллектуалды ойыны өтті
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Эко IQ: Таза Қазақстан» атты интеллектуалды ойын өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру. Ойын барысында студенттер экология және тазалық тақырыптарына қатысты сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай интеллектуалды форматтағы кездесулер жастардың экологиялық мәселелерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, күнделікті өмірде пайдалы әдеттерді қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, студенттер пікір алмасып, қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.
Гүлбақыт Байбосынова, қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы:
Жылдың басынан бастап, осы «Таза Қазақстан» бағдарламасының аясында 300-ге таман іс-шаралар өткізіп жатырмыз. Басты мақсатымыз - қоршаған ортамыз, өзіміздің табиғатымызды аялап, сақтау, таза ұстау. Соның бәрі ойынның ішіне кіреді.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16