Астаналық тазалықшыларға баспананың алғашқы жарнасын табыстады
Коммуналдық сала мамандары бас қаладан баспаналы болады. «Астана Тазалығы» мекемесі тұрғын үйдің алғашқы жарнасын төлеп, қызметкерлерге осындай қолдау жасап жатыр. Жұмысшылардың алды 15 млн теңгенің сертификатын иеленді. Тақырыпты тілші тарқатады.
Таңсәріде басталған тазалау жұмыстары тәулік бойы тоқтамайды. Бұған күн сайын
600-ден аса техника, 750-дей қызметкер тартылған. Марат Көпенұлы коммуналдық
салада 16 жылдан бері көлік тізгіндеп келеді. Бас қалада баспанасы болмаған
соң, ауылдан қатынайды.
Марат Шөжежанов, көлік жүргізуші:
Мен қаланың шетінде тұрамын. Келіп-кету қиын еді. Таңертең 8-де шығамыз линияға, кешке жақын түнгі 10-да шығамыз. Қаламыз таза болсын деп қолымыздан келгенді істеп жатырмыз енді.
Өткен қыста қар қалың түсті. Тазалықшылар төккен тердің арқасында Астана көшелері көлшікке айналған жоқ. Екпінді еңбек еткен мәртебелі мамандар енді Елордадан баспаналы болады. Мекеме тарапынан тұрғын үйдің бастапқы жарнасын төлеуге қаржылай қолдау көрсетіліп отыр.
Замир Сағынов, «Астана тазалық» ЖШС бас директоры:
Қазіргі екінші деңгейлі банкпен келісімшарт жасап, басты ақшасын өз мойнымызға алып, 7 қызметкеріміз комиссиядан өтіп, сертификаттарды счетына ауыстырамыз. Ол кезең-кезеңімен еңбекақыдан ұсталып отырады. Біздің қызметкерлерге де, бізге де тиімді.
Кәсіпорын былтыр 17 қызметкерге тұрғын үй кілтін табыстады. Сондай-ақ жұмысшыларға арналған демалыс орындары мен жатақханаға жөндеу жүргізді. Бұл кадр тұрақтылығын сақтап, жұмысшы жандардың еңбек жағдайын жақсартуға сеп болмақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы