Алматыда ғылым апталығы басталды
Алматыда жас ғалымдарды ынталандырып, олардың инновациялық жобаларын ілгерілету мақсатында «Ғылым апталығы» басталды. КСМ: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен шарада ғылыми жобалар мен білім көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар мен студенттердің тың әрі креативті 60-қа жуық жобасы көпшілік назарына ұсынылып, жас зерттеушілер ғылыми әлеуетін паш етті. «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі» деп аталған онкүндік аясында мазмұнды 150 шара өткізілмек. Биылғы ерекшелік – университет пен мектептер арасында ынтымақ туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім білім беру саласындағы серіктестікті нығайтып, оқушылардың жоғары оқу орындарымен ерте байланыс орнатуына мүмкіндік береді, - дейді университет басшылығы. Ал мұндай апталықтар жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, олардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға ықпал етпек.
Болат Тілеп, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры:
Қазіргі таңда мемлекетіміздің ғылымға жасап отырған қолдауы – бұрын-соңды болмаған қадам. Өскелең ұрпақты ғылымға баулу ісі жаңаша қойылып отыр. Бұл жерде көрсетіліп отырған жобалардың тақырыбы да, мазмұны да әртүрлі. Ең бастысы, барлығы да өзекті.
Айшабибі Қуаншыбекқызы, студент:
Біздің жобамыздың басты ерекшелігі – бір реттік сабындар, яғни, алыс сапарларға шыққанда өте ыңғайлы. Жұқалығына қарамастан, бір рет қолды жууға толығымен жетеді. Осы жылдың бастап айналыстық. Химия факультетінің студенттеріміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы