Басты Жаңалықтар Аслан Сәрінжіпов Президенттік олимпиаданың жеңімпаздарымен кездесті

Аслан Сәрінжіпов Президенттік олимпиаданың жеңімпаздарымен кездесті

Аслан Сәрінжіпов Президенттік олимпиаданың жеңімпаздарымен кездесті

Кездесу және олимпиаданың өзі де Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі аясында өткізіліп отыр.

Министрмен сұхбаттасуға 50-ге жуық оқушы қатысты. Олар 2015 жылдың 30 қазан мен 26 қараша аралығында өткен жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден Президенттік олимпиаданың жүлдегерлері.

Олимпиаданың негізгі идеясы – жоғары білімді қазақстандық оқушыларды тәрбиелеу және жаратылыстану-математика ғылымдарын терең меңгерту.

Олимпиада сегізінші рет өткізіліп отыр. Әдеттегідей, 2015 жылғы олимпиада үш кезеңде өтті.

Бірінші – аймақтық кезеңде 1 мың 24 мектептен барлығы 2 мың 40 мектеп бітіруші қатысты. (517-і мамандандырылған, 536-і ауылдық мектептерден). Екінші кезеңде республиканың барлық өңірлерінен 329 оқушы on-line режимінде тестілеуге қатысып,  жоғары ұпай жинаған 165 оқушы эссе жазды.

Үшінші кезең – республикалық, ол 2 тур бойынша 4 бағытта: математика, химия, физика и биологиядан өтті.

«Жыл сайын зияткерлік республикалық жарыстарға 9-11 сыныптардың  2000-нан астам оқушылары қатысады. Бүгінде қазақстандық оқушылардың аттарын беделді халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары қатарынан жиі көруге болады»,-делінген Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерде.

Биылғы жылдың, 1 қарашасында, еліміздің оқушылары халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 1 мың 246 медальді жеңіп алды. Оның 270-і –алтын,  360-і -күміс, 596-і қола, сондай-ақ  20 грамота бар. 

 

 

Бөлісу