Елордада жасыл экономика тақырыбына арналған Халықаралық конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада жасыл экономика тақырыбына арналған Халықаралық конференция өтеді

12.11.2015
Елордада жасыл экономика тақырыбына арналған Халықаралық конференция өтеді

13 қарашада, сағат 10.00-де елордадағы«Astana Radisson SAS» қонақүйінде «Жасыл көпір - озық жобалар мен инновациялар үшін серіктестік платформасы» Халықаралық конференциясы өтеді. 

Сондай-ақ, 14 қарашада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «GREEN BRIDGE - инновациялық мүмкіншіліктер алаңы» атты Халықаралық жастар форумы ашылмақ.  

Шараны ұйымдастырушылар: ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global ды дамыту коалициясы», Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы, Астанадағы ЕҚҰЫ бағдарламалар кеңсесі, «Астана EXPO-2017» ҰК» АҚ мен Қазақстанның еріктілер Альянсы.

Конференция және форум жұмысына Мәжіліс депутаттары, министрліктер мен даму институттарының өкілдері, халықаралық сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері шақырылады.

Жиынға Қазақстаннан бөлек, Армения, Грузия, Беларусь, Ресей, Германия, Финляндия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Эстония елдерінің министрліктері мен ҮЕҰ өкілдері қатыспақ.  

Шара халықаралық деңгейде жасыл экономикаға өту, алдыңғы қатардағы жасыл технологиялар мен жобаларды тарату, жасыл бизнесті дамыту, институционалды және техникалық инновацияларды қолдауға арналған.

 

Хабарламаларға жазылу