Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры «Кейіпкер келбеті» жобасын бастады. Аптасына бір рет қойылым алдында көрермен өзі қалаған театр әртісімен жүздесіп, көңілде жүрген сауалдарына жауап алады.
Жобаның алғашқы қонағы - актриса, әнші, тележүргізуші, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Айгүл Иманбаева.
«Ән айтып, эстрада сахнасында көрініп жүргенімізбен, театр ол – театр. Театр – саф өнер. Бұған үлкен күш керек. Үлкен дайындық керек. Жаңа қойылымдарда көрермендермен тағы да қауышамын деген ойдамын», - дейді Айгүл Иманбаева.
Кездесуден соң көпшілік Шыңғыс Айтматовтың шығармасы бойынша қойылған «Қызыл орамалды шынарым» спектаклін тамашалады. Қойылымда Айгүл Иманбаева Хадиша рөлін сомдайды.
Айгүл Иманбаевамен кездесу кеші туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.