«Сыр-сұхбатта» - әнші Мақсат Базарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сыр-сұхбатта» - әнші Мақсат Базарбаев

13.04.2014
«Сыр-сұхбатта» - әнші Мақсат Базарбаев
Жамбыл облысының Қордай ауданында Кенен Әзiрбаев атындағы ауыл бар. Қазақтың ән өнерiнiң дәнi себiлген ауыл бұл. Арғы тарих­қа бармай-ақ қояйық, бүгiнгi эстрадада Кенен ауылынан шыққан әншiлер жеткілікті.
 
Саят Медеуов, Айгүл Иманбаева, Мақсат Базарбаев. Бұлардың бәрi де өнерде өз орындарын тапқан талантты әншiлер. Бұлар — Кенен атамыз iргетасын қалаған әншiлiк өнердiң мектебiнен сусындаған өнерпаздар.
 
Талантты әнші Мақсат Базарбаев елге «МузАРТ» тобы арқылы танылды. Кейіннен жеке кеткен әнші тыңдармандарын жаңа әндерімен қуантып жүр.
 
Әншінің негізгі мамандығы – актер. Ең алғаш «Бауыржан шоу» театрында өнер көрсеткен.
 
Бүгін 11.05-те «Сыр-сұхбатты» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу