«Үздік әндерде» Айгүл Иманбаеваның концерті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Үздік әндерде» Айгүл Иманбаеваның концерті

16.01.2016
«Үздік әндерде» Айгүл Иманбаеваның концерті

Айгүл Иманбаева – өзгелерден өзінің санқырлылығымен ерекшеленеді. Ол – театр және кино актрисасы, әнші, продюсер, тележүргізуші. Ешқандай жарнаманы қажетсінбейтін деңгейге жеткен өнерпаз әркез көрерменінің, тыңдарманының назарында.

Өнердің сан саласында жүрсе де, әнші ретінде халық алдында есеп беруді парыз санаған Айгүл Иманбаева өткен жылы Астана қаласында «Сен ғана...» атты  жеке концертін өткізген еді.

Сол кештің телевизиялық нұсқасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 20:05-те тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу