Айгүл Иманбаеваның «Сен ғана...» атты ән кешін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айгүл Иманбаеваның «Сен ғана...» атты ән кешін көріңіз

14.02.2015
Айгүл Иманбаеваның «Сен ғана...» атты ән кешін көріңіз

Айгүл Иманбаева – театр және кино актрисасы, әнші, продюсер, тележүргізуші. Әркез көрерменінің, тыңдарманының назарында жүретін ол ешқандай жарнаманы қажетсінбейтін деңгейге жеткен өнерпаз.

Айгүл эстрада саласында 1999 жылдан бастап өнер көрсетіп келеді. Қазіргі таңда 10 бейнеклипі отыздан астам әні бар. 2007 жылы «Таңғы елес» атты тұңғыш  шығармашылық кешін өткізді.

2011 жылы тәуекелге бел буып, «А.И» драма театрын ашады. Азғантай ғана уақыт өтсе де театр ұжымы шетел сахнасында таныла бастады. Әнші Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері.

Айгүл Иманбаеваның «Сен ғана...» атты ән кешін бүгін Ұлттық арнадан сағат 22.30-да тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу