«Үздік әндерде» - Айгүл Иманбаеваның концерті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Үздік әндерде» - Айгүл Иманбаеваның концерті

26.03.2016
«Үздік әндерде» - Айгүл Иманбаеваның концерті

Бір басында бірнеше өнері жетіп артылатын Айгүл Иманбаева мектеп кезінен музыкаға жақын болып, «баян» класын аяқтап шығады.

Актриса 2001 жылы «Ұят болмасын» бағдарламасының жүргізушісі әрі келіннің образымен халыққа танылды. 2001 жылы алғаш рет ұйымдастырылған республикалық әзіл-оспақ жарысында әншілерге пародия жасағаны үшін бірінші орынды жеңіп алады.

Театр қабырғасында әртүрлі сарындағы образдарды ойнап үлгерген әншінің кино саласында да өзіндік орны бар.

Эстрадада 1999 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан өнер иесінің концертін бүгін Ұлттық арнадан сағат 20:05-те тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу