Айгүл Иманбаева «Сеньорита» әніне Прагада бейнебаян түсірмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айгүл Иманбаева «Сеньорита» әніне Прагада бейнебаян түсірмек

18.04.2018

 «АИ» театры Ресейдің Челябинск қаласында «Человек театра» фестиваліне Ж.Расиннің «Федра» спектаклімен қатысып, лауреат атанып қайтты.

Бұл туралы «Түнгі студия» бағдарламасына келген театрдың жетекшісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Айгүл Иманбаева айтып берді.

Сондай-ақ, театр осы жылдың қазан айында Грузия елінен де шақырту алған.

Сонымен бірге, әнші продюсер Баян Мақсатқызымен бірге Прага қаласына барып, «Сеньорита» атты жаңа әнге бейнебаян түсірмек. «Бұл енді түсірілетін «Сеньорита» фильмінің саундтрегі болмақ. Фильмнің тұсаукесері қыркүйек айына жоспарланған»,-дейді өнер иесі.

Хабарламаларға жазылу