«Таңшолпан». Айгүл Иманбаеваның театры Грузиядағы театр фестиваліне шақырту алды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Айгүл Иманбаеваның театры Грузиядағы театр фестиваліне шақырту алды (ВИДЕО)

22.09.2017

Жуырда Ұлттық арнада «24 сағат табиғат құшағында» жобасы көрермендерге жол тартты. Жобаға әнші Айгүл Иманбаева қатысушы ретінде шақырту алды.

Бүгін әнші студия қонағы болып, жоба қызықтары, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.

«Қазіргі уақытта университетте студенттерге сабақ беремін. Онымен қатар, киноға түсіп жатырмын. Тарихи жанрдағы кинолар ұнайды.

Желтоқсанның басында жаңа ән мен бейнебаян жарыққа шығады. Сондай-ақ «АИ» театрым Грузиядағы театр фестиваліне шақырту алды.

«24 сағат табиғат құшағында» жобасына қатысуға бірден келісім бердім. Себебі форматы ерекше, табиғат аясында болғаннан кейін мен үшін ол қызықты болды», - дейді өнер иесі.

 

Хабарламаларға жазылу