Әнші-актриса Айгүл Иманбаева «24 сағатын табиғат құшағында» қалай өткізді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әнші-актриса Айгүл Иманбаева «24 сағатын табиғат құшағында» қалай өткізді?

17.09.2017

Алтайдан Атыруға дейін көсіліп жатқан жерімізде сұлулығы таңдай қақтырарлық ғажап өңірлер көп. Есіл өзені – сондай жерлердің бірі. Бұл - сұлулығымен талайды тамсандырған Қызылжар өңірі. Ежелгі сақтардан қалған Ақ-Ирий қалашығының орны да осы маңайда.

Бүгінгі бағдарламада әнші, актриса, тележүргізуші Айгүл Иманбаева 24 сағатын табиғат құшағында өткізеді. Солтүстік Қазақстан облысына сапар Желяково ауылынан басталып, өңірдегі ең шеткері нүктеге жетеді.  

«Мен үшін дәл осындай түсірілім өте қызық. Далаға түнеу, ашық аспанның астында ұйықтау дегендерді бала кезімде бастан өткердім. Әжеміздің қойнында бақшада ұйықтайтынбыз. Араға жылдар салып тағы қайталағалы тұрмын. Өте қорқынышты дүниелер көп екен», - дейді кейіпкер.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу