Бүгін - «Тамашаның» тарланы Тоқсын Құлыбеков дүниеге келген күн (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - «Тамашаның» тарланы Тоқсын Құлыбеков дүниеге келген күн (ВИДЕО)

20.10.2015
Бүгін - «Тамашаның» тарланы Тоқсын Құлыбеков дүниеге келген күн (ВИДЕО)

Бүгін - қазақ сатирасына өлшеусіз үлес қосқан, әзілімен көрерменнің жүрегіне жол тапқан актер, «Тамашаның» тарланы Тоқсын Құлыбековтің туған күні.

«Тамаша»  ойын-сауық отауында көпшіліктің  көзайымына айналған актер әзіл-қалжың жанрына өз көзқарасын қолтаңба етіп қалдырды.

Айналасын күлкімен көмкеріп жүретін жаны жайсаң Тоқсын Құлыбеков өмірде ашық-жарқын болған. Алайда жайдары жанның ғұмыры келте болды.

Ол 47 жасында дүниеден озды. Бірақ жасаған әрбір бейнесі, бір-біріне ұқсамайтын образдары «Тамашаның» тарихында қалды.

Актердің ғибратты ғұмыры туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу