«Таңшолпан». Бүгін «Тамашаның» тарланы Тоқсын Құлыбековтың туған күні (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Бүгін «Тамашаның» тарланы Тоқсын Құлыбековтың туған күні (ВИДЕО)

20.10.2017

Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, қазақ өнерінің құрметті өкілі Тоқсын Құлыбековтың дүниеге келген күні.

Ол ойлы образы арқылы кезінде «Тамаша» театрының тарланына айнала білді. Белгілі тұлға Құдайберген Сұлтанбаев, Тұңғышбай Жаманқұлов, Уайс Сұлтанғазин сынды дарындармен көп жыл жемісті еңбек етті.

Қазіргі уақытта Қазақ радиосының Алтын қорында Тоқсын Құлыбековтың 40-қа жуық хабарлары мен қойылымдары сақталған. Сонымен қатар ол кезінде көпшіліктің көзайымына айналған «Қымызхана», «Жебе», «Алты бақан» секілді бағдарламалар арқылы көпшілікке танылды.

Саналы ғұмырын қазақ өнеріне арнап, осы жолда сатира саңылақтарымен қоянқолтық араласып, бірнеше рөлді бірлесе ойнады. Оның әр ойнаған рөлі мен сахналық образы әрқашан ел есінде.  

Хабарламаларға жазылу