«Таңшолпанда» - әнші Дос - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - әнші Дос

12.10.2015
«Таңшолпанда» - әнші Дос

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында әнші Дос қонақта болды. Сұхбат барысында «Біздің қала» әніне түсірген бейнебаяны туралы әңгімеледі.

«Бейнебаянды бір адам түсірді, және достарым көмектесті. Бұл әннің идеясы өте қызық болды. Қайырмасы – «О, біздің қала».  Эмоцияға берілу үшін солай қалдырдық», - дейді әнші.

Достың айтуынша, Астана қаласында тұрып жатқанына 20 жылдан асқан. Позитивті өлең шығару және бейнеклипте қаланы көрсету көкейінде жүргенін айтады.

«Барлық адамда өз проблемасы бар. Қазір адамдарда бәрі бар, бірақ уақыт жетіспейді. Сондықтан осы өлеңдерді тыңдап, жеңілденіп қалсын деген ниетпен ұсынып отырмын. Сөзі - Бақытжан Қасымовтікі. Әнін досыммен ақылдаса  отырып жаздық»,  - деді әнші Досан Дауылбаев.

Достың «Біздің қала» әніне түсірілген бейнебаянды «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу