«Қаракөз» ансамблі Қазақстанды араламақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қаракөз» ансамблі Қазақстанды араламақ

28.01.2014
«Қаракөз» ансамблі Қазақстанды араламақ
Әнші, сазгер, ҚР Мәдениет қайраткері, «Қаракөз» ансамблінің әншісі Ахмедия Есмұханов – «Таңшолпанда» қонақта болды.
 
Елімізге кеңінен танылған әйгілі «Қаракөз» ансамблі 2013 жылдың қараша айында қайта құрылды.
 
«Қазақтың тарихында қалған екі ансамбль бар. бірі – «Дос-Мұқасан», екіншісі – «Қаракөз». Алғашында «Қаракөз» ансамблі 1968 жылы құрылған. Ол кезде Жақсыкелді Сейілов те бар еді. Кейін қайта құрылдық. Халық бізді, біз халықты сағынып қалыппыз.  Қараша, желтоқсан айларында Алматыда болдық. Алғашқы жинақ та жарық көрді»,-дейді сазгер.
 
Кезінде «АБК» тобы орындаған «Тамшылар» әні мен «МузАРТ» тобының орындауындағы «Есіл ағады» әндерінің авторы Ахмедия Есмұханов екенін халық кейін білді.
 
Сазгер бұл турасында: «Жарнама аздау болар. Сосын танымал болу үшін халықтың алдына жиі шығу керек қой. Жасыратыны жоқ, біз анда-санда шығамыз»,-дейді.
 
Сазгер болашақтағы жоспарларымен де бөлісті. «Ендігі жоспар: қазір екінші альбом жазылып жатыр. Ол бітісімен, Қазақстанды араламақ ойымыз бар».

Хабарламаларға жазылу