«Дос-Мұқасан» ансамблі Астананың 20 жылдығына орай үлкен концерт өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дос-Мұқасан» ансамблі Астананың 20 жылдығына орай үлкен концерт өткізеді

26.04.2018

Әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі Ақжол Мейірбеков Алматы студиясының төрінде қонақ болды. Әртіс 1978 жылы «Дос-Мұқасан» ансамбліне қабылданды. Одан кейін «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінде жұмыс істеді. Ол жеке әнші болып та танылды. Қазіргі уақытта қайтадан «Дос-Мұқасан» тобының құрамында. Әнші өмірі және  шығарымашылығындағы жаңалықтармен бөлісті.

 

«Дос-Мұқасан» ансамблінің 50 жылдық тарихы бар. Осы жылдары ел ішінде біраз концерт бердік. Демеушілердің арқасында ел аралап, кештер өткізіп жатырмыз. Топқа құрмет ретінде Атырау қаласында ескерткіш қойылды. Ол біз үшін қуаныш, жастар үшін үлгі.

 

Қазір Астана қаласының 20 жылдығына орай үлкен концерт беруге дайындық үстіндеміз. Бұл концерттік бағдарлама тек Астанада емес, басқа қалаларда да өтеді», - дейді өнер иесі.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу