Әнші Дос пен Асқар Әшім «Таңшолпанда» қонақта (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әнші Дос пен Асқар Әшім «Таңшолпанда» қонақта (ВИДЕО)

26.07.2017

Әнші Дос пен Асқар Әшім бағдарлама қонағы болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.

«Жақында Астанада концертім өтті. Астана қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен бәрі жақсы өтті. Негізі алаңда концерт беру қиын. Халықты екі сағат бойы қызықтыру оңай емес. Берілген тапсырманы дұрыс орындадым деп ойлаймын.

Жас әншілермен жұмыс істеген ұнайды. Өйткені бір жерде тұрмайсын, қызық. Асқар екеуміздің идеямыз бір келеді.

Адамдардың пікіріне үйрендім. Оған қатты мән бермеймін. Өнерге қатысты сыңдарды қабылдаймын. Ал, жеке өміріме қатысты пікірді елемеймін. Бір адамның екінші адамның өміріне қол сұғуы дұрыс емес», - дейді өнер иесі.

Өнер иелері бағдарлама барысында жаңа әндерінің тұсауын кесті.

Хабарламаларға жазылу